«Мақтаншақ қыз Бибігүлдің» суреті бас жүлдені алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ анимациясының 50 жылдығына арналған балалар арасындағы сурет байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің сүйікті мультфильмім» атты республикалық шығармашылық байқауды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Жас өркен» серіктестігіне кіретін «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары бірлесе өткізді.
null 

Бірнеше айға созылған байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп қабырғасындағы оқушылар қатысты. Байқау ережесіне сәйкес ұсынылған суреттер қазақ анимациялық фильмдеріне, қазақ ертегілері, аңыз-әңгімелеріне негізделіп салынуы тиіс болатын.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесі - «Мақтаншақ қыз» мультфильмінің желісі бойынша сурет салған Өскемен қаласы, №24 орта мектептің 4Г сынып оқушысы Болатов Саидқа бұйырды.

«Менің сүйікті мультфильмім» номинациясында бірінші орын - «Оттан жаралғандар» мультфильмінің желісі бойынша сурет салған Алматы қаласы, №12 мамандандырылған гимназияның 1В сынып оқушысы Нұрғали Лилиге берілді.

Ал «Менің қиялымдағы кейіпкер» аталымында күн астындағы Күнікей қыз, Алдар көсе және Шойынқұлақтың бейнелерін салғаны үшін Алматы қаласы, №177 орта мектептің оқушысы Байзақ Айша бірінші орын иегері атанды.

«Бұндай байқауларды көптеп өткізу керек, өйткені сурет салу балалардың ой өрісін кеңейтеді. Балалардың шығармашыққа бейім болуына жағдай жасау керек. Осындай байқаулар қазақ балаларының қазақ мультфильмдерін көруге қызығушылығын арттырады. Баланың бәрі тұып тұрған талант. Оларды әрдайым сурет салуға ынталандырып отыру керек, - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Анимациялық кино» бірлестігінің жетекшісі Жәкен Дәненов.
null 
null 
null

«Қазақ анимациясының елу жылдығын атап өту өте маңызды шара. Осы орайда, біз балалар мен жасөспірімдер басылымында мультфильмдер қалай түсірілетіні туралы түрлі сұқбаттар мен мақалалар жарияладық. Қазір мультфильм түсірудің мүмкіншілігі көбейді. Сұраныс та көп. Бірақ бәсекелестік жағынан келгенде, ұсыныс одан да асып түседі деуге болады. Әсіресе, біздің балаларымыз бояуы қанық, түсірілген оқиғалары ширақ, жаңа технологиямен түсірілген шетелдің көп мультфильмдеріне көп қызыға бастады. Тіпті біздің мультфильмдеріміз ұмыт қала жаздаған да жағдайлар болды. Бірақ, соңғы жылдары әсіресе, тарихи тақырыптарға біраз мультфильмдер түсірілді. Оның насихаты да жасалды. Соның арқасында қазақ мультфильмі қайтадан өзінің орнына келе бастады», - деді «Жас өркен» ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек.
null 

Сонымен қатар, қазылар алқасы байқауға қатысқан үш сурет авторын ынталандыру жүлделерімен марапаттауды жөн деп тапты.

Жеңімпаздарға қазақ анимациясының үздік туындылары жазылған DVD дискілер, «Ұлан» газетінің бір жылдық жазылымы, планшеттер және естелік сыйлықтар берілді.

Марапаттау соңында қазылар алқасы байқауға қатысқан барлық қатысушыларға және сурет өнеріне баулып жүрген ата-аналарына алғыс айтты. 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар