+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

2020 жылғы 27 мамыр 18:44
Бөлісіңіз:
Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын таныта білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

Игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар. Жомарттық жасаушылар қатарында депутаттар – Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова және Т.Ботабеков бар. Керуенді Мақтааралға шығарып салған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жетісулықтар Мақтааралмен бірге екенін, гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін мамыр айының ортасында Алматы облысынан Мырзашөлге 260 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT