+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Мақтааралға тасқын сумен ағып келген өзбекстандықты ауыл тұрғындары құтқарған

2020 жылғы 2 мамыр 18:39
Бөлісіңіз:
Мақтааралға тасқын сумен ағып келген өзбекстандықты ауыл тұрғындары құтқарған

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның бір азаматы су тасқыны кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдың солтүстігінде су тасқыны салдарынан 120 мың адам эвакуацияланды

Басқарма басшысының айтуынша, өзбекстандық кеше түнде канал жағасынан табылған. Белгілі болғандай, ол өзінің атымен бірге суға ағып кеткен. Сол судың ағысымен ол Мақтаарал ауданының Жеңісті ауылына жеткенде, тұрғындар оны байқап қалған. Сөйтіп оны жабылып жүріп судан шығарып алған.

«50 жастағы ер адам Мақтаарал аудандық ауруханасына жатқызылды. Суға батқан адамға «жеңіл түрі» деген диагноз қойылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттандырарлық. Бүгін түсте ол жағдайы жақсарған соң, ауруханадан шығып кеткен. Ол Өзбекстанға кері қайтамын деп түсіндірді», - деді Марат Пашимов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде аты өлген бір адам Өзбекстаннан ағып келгені туралы ақпарат тараған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT