Мақтааралдықтарға АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Мақтаарал ауданында көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Оның барысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиында АӘК-тің жаңа моделі бойынша 2020 жылдан бастап көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы берілудің тәртібі түсіндірілді. АӘК-тің дәстүрлі қалпы және кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер бойынша мемлекеттік көмек ала алатындары айтылды. «Жаңа жәрдемақы 4 және одан жоғары кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа толғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан тағайындалады (орта есеппен әр балаға 10625 тг.). Мәселен, 4 баласы бар аналар - 42 500 теңге, 5 бала үшін – 53 125 теңге, 6 балаға - 63 750 теңге, 7 баласы барлар 73 375 теңге жәрдемақы алатын болады» - деді Әсия Темірбаева. Басқарма басшысы сондай-ақ, АӘК-тің ескі моделімен салыстыра отырып жаңа моделді түсіндіріп берді. АӘК тағайындау мерзімі тоқсан сайын болатынын, оның мөлшері барлық отбасы мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде жүретінін, жұмыстан бас тартқан жағдайда АӘК құқығынан отбасы мүшелерінің барлығы айрылатынын, учаскелік комиссиялардың зерттеу-тексеру бойынша критерийлерін айтып берді. Сонымен қатар, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер туралы да кеңінен жеткізді.

Соңғы жаңалықтар