Мақтааралдықтар Президент жолдауын зор ықыласпен қабылдады

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын зор ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі аппараты мен барлық ауыл әкімдіктерінің ұжымы Жолдауды арнайы ұйымдастырылған эфирден тамашалады.

Мемлекеттік қызметкерлер Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты бөліміндегі әлеуметтік салалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған жоспарларды жергілікті жерде орындауға құлшына кірісетінін айтты.

Айта кетейік, Президент Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымы және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымы жұмыс орындарында тыңдап, өзара пікір алмасты.

Ауылдар мен елді мекендерде тұрғындарға Жолдауды насихаттау шаралары қолға алынып, арнайы топ құрамы белгіленді. Бұл топтар алдағы күндері аудан халқын аралап, тұрғындарға Жолдауда айтылған маңызды мәселелерді түсіндіреді.

Соңғы жаңалықтар