+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Мақтааралдық жастарға «нөлдік» төзімділік қағидасы түсіндірілді

2019 жылғы 13 қараша 15:49
Бөлісіңіз:
Мақтааралдық жастарға «нөлдік» төзімділік қағидасы түсіндірілді

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жастарға «нөлдік» төзімділік қағидасы түсіндірілді. Шараны «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады Қазақстандықтар аптасына кем дегенде 2 сағатын волонтерлікке арнауы тиіс – Тоқаев Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен кездесуге Мақтаарал ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы мен «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, үздік жас блогер Олжас Мамыр, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев қатысты.


Кездесу барысында қоғамда жиі орын алатын заңбұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер жайында айтылып, алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, өткен жылдың үздік блогері атанған Олжас Мамыр бүгінде қоғамда кеңінен қанат жайған әлеуметтік желі пайдаланушыларының мәдегиеттілігі мен құқықтық сауаттылығы, жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғады.


Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянының аражігін ажыратып берді. Өз кезегінде полиция инспекторлары аталмыш колледждің тәртібі мен тәрбие жұмыстарының нәтижесінде соңғы 2 жылда колледж оқушылары бірде-бір тәртіп бұзбаған, бұзақылық немесе қылмыстық іс-әрекеттерге бармаған.

Жиын соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Қахраманұлы басқосуды қорытындылап, жастарды тәртіп бұзбауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT