Мақтааралдық мемқызметшілер жүлдегер атанды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған облыстық шығармашылық сайыста мақтааралдық мемлекеттік қызметшілер үздік деп танылды. Жүлденің тең жартысын жеңіп алған мырзашөлдің қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілерді шығармашылық тұрғыда қолдау, сондай-ақ оларды қоғам алдында жаңа қырынан таныту мақсатында шығармашылық сайыс ұйымдастырылған болатын. Байқау қортындысында Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері Бақберген Дамирұлы, Нұрдәулет Мұқанәліұлы, Сәкен Беласарұлы І орынды, Мадияр Асанұлы ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, Ырысбек Қошқарұлы белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Осылайша шалғай ауданның мамандары өздерін жаңа қырынан таныта білді.

Аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков шығармашылық сайыстан жүлдемен оралған мемлекеттік қызметшілерді арнайы марапаттады. Аудан басшылығы жүлдегерлерге департаменттің дипломын табыстап, құттықтауын жеткізді.

«Мемлекеттік қызметшілердің шығармашылықпен айналысқаны - өздерін жан-жақты дамытқаны. Сондай-ақ, шығармашылық - адамның есте сақтау мен ойлау қабілетін жоғарылатады. Сондықтан, мақтааралдық мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық сайыстан жүлделі орындардан көрінуі - біздің ауданымыз үшін үлкен қуаныш!» - деді Бейсенбай Төребеков.

Соңғы жаңалықтар