+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Мақтааралдық мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді

2019 жылғы 26 қазан 23:48
Бөлісіңіз:
Мақтааралдық мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған кездесуде оқушыларға танымдық дәрістер жүргізіліп, тиісті мәліметтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Абаев: Интернетте терроризм насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды Түрмелерде қызмет ететін имамдарға жалақы тағайындау ұсынылды Бас мүфти: Имамдардың арқасында жыл сайын 500-дей азамат жат ағымнан бас тартуда

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.


Алғашқы кездесу Нұрлы жол ауылында орналасқан жалпы орта мектебі мен Арайлы ауылында орналасқан «С.Датұлы» атындағы білім ұясында өтті. Мақтаарал ауданы бойынша дін зерттеу орталығының теологтары Азамат Жәлелов пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ теолог-инспекторы Алмасбек Қожахметтер керағар ағымдардың жетегіне еріп, тура жолдан адасып жүрген азаматтар туралы кең көлемде ақпарат берді.


Сондай-ақ, жат ағымдардың арбауына түспеу үшін діни сауаттылықты көтеру керек екендігін нақтылап айтты. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан шарада жастар мен теолог мамандар арасында ашық әңгіме өрбіп, еркін форматта пікір алмасты. «Әлем халықтарының жүрегіне үрей ұялатып, қорқыныштың дәнін сепкен, мейірім мен адами қасиетке толы дініміздің атын жамылып арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген экстремистік топтарға қоғам болып қарсы тұрғанда ғана бұл түйіткілді мәселенің шешімін табуға болады»,- деді кездесуге қатысқан теологтар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Білім, Дін,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT