Мақтааралдық келіндер референдумға қатысушыларға тосын сый жасады

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының келіндері референдумға қатысушыларға тосын сый жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық киіммен референдум учаскесіне келген келіндер иіліп сәлем беріп, дастархан жайды. Өздері пісірген тағамдар мен өсірген жеміс-жидектерді қатысушыларға таратты.

«Бізге мұндай іс-шараны ұйымдастыруға үлкен әжелеріміз мұрындық болды. Қазақтың әйелдері қашан да мемлекет ісіне, елдің тағдырына ерлермен иық тіресе отырып араласқан. Бүгінгі саяси науқан кезінде елдің болашағына алаңдаған әйел, көп балалы ана ретінде үйде бейжай отыра алмадық», - дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы ауылда бір топ ақ жаулықты әже референдум учаскесіне ұлттық киіммен келіп, шашу шашқан болатын.


Соңғы жаңалықтар