Мақтааралдық кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының Мақтаарал ауданында меценат-кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады. Мамыровтар жанұясы көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараға аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары, аудан имамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

nullАйта кетейік, ІІ топ мүгедек отағасы Мұхтар Мамыров жұмыссыз болса, жары Ұлдықыз Мамырова Мырзакент кентіндегі «Абылайхан» жалпы орта мектебінде еден жуушы болып істейді.

Ерлі-зайыптылардың кәмелет жасқа толмаған бес перзенті бар. Кәсіпкер Орынбасар Жұмабаев «Мақтаарал баспана» қоры арқылы баспанаға шын мұқтаж отбасын оразаның алғашқы күнінде қуантуды жөн көргенін айтады.
«Бұл бастама тек басы ғана. Біз бүгінде аудан әкімінен бастап барлық ауылдық округтердің әкімдерінен жер телімдерін сұрап жатырмыз. Учаске беріліп жатса біз үй салып беруге дайынбыз»,- дейді Мақтаарал аудандық соттың төрағасы, «Мақтаарал баспана» қорының белсендісі Құнанбай Мұсаев.null

Соңғы жаңалықтар