Мақтааралдық диқандар көктемгі дала жұмыстарын аяқтады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Ақ алтынның отаны саналатын өңірде биыл шаруалар 86 820 гектарға мақта дәнін септі, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, мырзашөлдік диқандар 9 169 гектарға дәнді және дәнді-бұршақты, 201 гектарға майлы дақылдар еккен. Ал,  3 692 гектарға мал азықтық және 31 мың гектардан астам жерге көкөніс-бақша дақылдары себілді.

«Биыл Мақтаарал ауданындағы көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 8 300 тоннадан астам жанармай бөлінсе, бүгінде оның басым бөлігі шаруаларға үлестіріліп берілген. Сондай-ақ, шаруалар биыл тұқымдық шит тапшылығын сезінбеді. Арнайы жұмыс тобы көктемгі дала жұмыстарына қажетті 3,2 мың тонна шитті артығымен дайындап беріп, соның 2, 7 мың тоннасы көктемгі егіске жұмсалды», - деді Жамантай Қанайұлы.

Сонымен қатар, биыл Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы өнім көлемін арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде егін шаруашылығының өнімін 80,5 млн, ал мал шаруашылығы өнімін 23,45 миллион теңгеге жеткізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар