Мақтааралдық диқандар қауынның жаңа сорттарын шығарды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының диқандары қауынның жаңа сорттарын шығарды. Дәмі тіл үйіретін «Жиенбет», «Валет» атты қауын түрлері тасымалдауға төзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сыяды. Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандар үлкен табыс тауып, Ресей мен Еуропаның бірнеше елдерінің нарығына кіріп отыр. Мамандардың айтынша, еліміздегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Ресейлік және Еуропалық кәсіпкерлер де осындай пікірде. Бұған дәлел - маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады.

Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса жерге қарбыз еккен. Бүгінде жергілікті диқандар балдай тәттілігімен, ерекше ірілігімен танымал «Мырзашөл» қауынын экспортқа шығарып отыр.

Осылайша қауын-қарбыз бизнесі Мақтаарал ауданында тұтас бір индустрияның дамуына жол ашып отыр.

Соңғы жаңалықтар