Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақжаулықты аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік», - деді олар.

Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген

.
Соңғы жаңалықтар