+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мақтааралдағы су тасқыны: Фердауси ауылында үйлердің құрылысы басталды

2020 жылғы 30 мамыр 22:10
Бөлісіңіз:
Мақтааралдағы су тасқыны: Фердауси ауылында үйлердің құрылысы басталды

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Бүгінде мұндағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен 8,5 млн теңге аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының 7 ауданында көппәтерлі тұрғын үй салынады Өмірзақ Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді Тұрғын үй құрылысы саласындағы материалдардың үлесі 90%-ға жеткізіледі - министрлік

Аталған ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы жұмылдырылған. Ал, үкіметтен берілетін қаражаттың 50 пайызын алған тұрғындар үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып алып жатыр.

«Үйімнің іргетасын көтеріп қойдым. Ақшамыз қолымызға тие сала, құрылыс заттарын сатып алдым. Үкіметімізге, облыс, аудан басшыларына, бізге жауапты боп бекітілген Келес ауданының әкімдігіне алғысымыз шексіз», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Музафар Шарапов.

Бұдан бөлек, ауылда үй аулаларын үйінділер мен күл-қоқыстардан тазарту, үй салынатын орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оған өзбекстандық 100 адам мен 10-ға жуық арнайы техникасы, Келес ауданынан 30 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауылдағы 12 көшеден 180 тонна күл-қоқыс шығарылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT