+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Мақтааралда жылына үш рет өнім алу технологиясы енгізіліп жатыр

2020 жылғы 19 ақпан 19:54
Бөлісіңіз:
Мақтааралда жылына үш рет өнім алу технологиясы енгізіліп жатыр

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жылына үш ретке дейін өнім алу технологиясы енгізілуде. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев шалғай аудандағы шаруаларға осы бағытта инновациялық технологияны әрбір ауылдық округке енгізу бойынша тапсырма берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов Жамбылдықтар қосалқы шаруашылықтарын дамытуда Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті

Облыс басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбековтер диқандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазірдің өзінде аталған технология 238 гектар жерге енгізіліп отыр. Қаңтардың қақ ортасынан егіншілікті бастап кеткен шаруалар қазірдің өзінде 230 гектар жерге қырыққабат пен 8 гектар жерге қызылша еккен. Сондай-ақ, мұндай егін көлемі ерте көктемге дейін арта береді дейді сала мамандары.

Айта кетейік, жалпы қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен мақтааралдық диқандар оны ерте егеді. Ал, соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты дақылдар өсіреді. Осылайша жер емген шаруалар бір жылда екі рет, тіпті үш рет өнім алуды жолға қойған.

Өткен жылы сәуір айында алғашқы өнімін алған диқандар республиканың бірнеше облысы мен Ресей Федерациясын қырыққабатпен, қауын-қарбызбен және басқа да көкөніс өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын.

Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп.

Жалпы, аталған ауданда өткен жылы 43,2 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін сатқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT