+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасына жаңа баспана салынады

2020 жылғы 23 мамыр 01:51
Бөлісіңіз:
Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасына жаңа баспана салынады

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданында апатты жағдайдағы ескі ғимараттарда тұрып келген 28 отбасыға қосымша баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин апат аймағына келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Орал қаласында 180 отбасы баспаналы болды Мақтааралда өзбекстандық сарбазды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда Украинаның батысында 550 үй су астында қалды, 83 көпір қирады

Тұрмысы төмен отбасылар бұған дейін су басқан Өргебас ауылындағы бос тұрған ғимараттарды паналап келгені анықталған. Ескі жатақхана мен моншада, балабақшада күнелтіп келгендердің баспанасы барын растайтын ешбір құжаты да болмаған. Осындай тұрғындардың бірі Шолпан Боранова жаңадан үй берілетінін естіп, қуанып отырғанын жеткізді.

«Мен осы жерде өмірімнің соңына дейін тұратын шығармын деп ойлағанмын, негізі. Өмірімде жаңа баспаналы боламын деп ойламаппын да. Себебі үш баланы жалғыз өзім бағып келемін, үлкен үйді мен қалай саламын. Тапқаным бала-шағамнан артылмайды. Ендігі жерде жаңа үй беріледі деп естіп жатырмыз. Өз кезегінде бізге осындай жағдай жасап жатқан билік басындағылар мен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді»,- дейді Өргебас ауылының тұрғыны Шолпан Боранова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT