Мақтааралда заманауи үлгідегі каналдың құрылысы басталды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында заманауи үлгідегі каналдың құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың сәуірінде басталған құрылыс 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған. Әзірге үш ауыл округін суландыруға арналған құрылыстар бірнеше бағытта жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша құрылысқа қажетті техникалар мен адам күші жеткілікті. Бұған дейін каналдарда судың ысырап болуына жол берілсе, ендігі жерде ондай келеңсіздіктер орын алмайды. Өйткені, қазылып жатқан бұл каналдардардың табаны мен жиектері толықтай бетондалып жатыр.

«Бұл каналдардың жобасын жасаған австралиялық «СМЕК» компаниясы. Аталған жоба мемлекеттік сараптаудан өтіп, тапсырыс берушінің бекітуімен атқарылуда. Сонымен қатар барлық жұмыстардың техникалық бақылауы да басты назарға алынған»,- дейді «СМЕК» компаниясының президенті Әбдімүтәліп Қалмырза.

«Еуразиялық банктен» бөлінген бұл халықаралық тендерді жеңіп алған ирандық «Туннель Садд Ариана» компаниясы құрылысқа қазақстандық 6 мердігер серіктестіктерді тартып отыр. да тартылып, жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ, жұмыстарға Армения мен Израильден және Тәжікстаннан келген мамандарды тартып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң өңірдегі үш ауыл округіне қарасты 16 мың гектар жер толығымен суландырылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар