Мақтааралда түрлі этностың жастары ән айтып жарысты

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында түрлі этностың жастары ән байқауына қатысты. Агробизнес колледжінде білім алатын жастар «Менің елім – Қазақстан» атты мәдени шарада өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған байқауға 11 үміткер қатысып, бақ сынады. Өнер сайысының ережесі бойынша қатысушылардың ұлтына және жасына шектеу қойылмаған. Олардан тек бір ән орындау талап етілді.

Бүгінгі ән бәйгесіне қызу дайындықпен келген үміткерлер өздерінің отансүйгіштік сезімдерін шырқаған әндері арқылы дәлелдеп жатты.

Мемлекеттік тілде және отаншылдық рухта ән орындауды талап еткен байқауда қазылар алқасы әннің ырғағы мен дауыс диапазонына ерекше мән берді. Олар өтінім білдірген 11 үміткердің әнін тыңдап, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанғандарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жастарға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар