+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа баспанаға қашан қоныстанады

2020 жылғы 2 маусым 13:01
Бөлісіңіз:
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа баспанаға қашан қоныстанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқыны салдарынан орын алған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қанша қаражат бөлінгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев тараздықтарды ыстық сумен қамтамасыз етуді тезірек қалпына келтіруді тапсырды Биыл елордада 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады Алматыда Елорда күніне орай 6 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

«Өзбекстан Республикасының аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты Түркістан облысы әкімінің биылғы 2 мамырдағы №3 шешімімен жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы 13 мамырдағы №291 қаулысымен Түркістан облысының әкімдігіне төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға аудару үшін, оның ішінде: Мақтаарал ауданының су астында қалған Достық, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Өргебас және Фирдоуси елді мекендерінің тұрғындарына өтемақы түрінде келтірілген зиянды (залалды) 100 000 теңгеден өтеу үшін 650 млн теңге; тұрғын үйлерді салу үшін 4 млрд теңге; Мырзакент елді мекеніндегі инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу үшін 3,738 млрд теңге; Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және қалпына келтіру үшін 562 млн теңге; көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін 1,05 млрд теңге бөлінді», - делінген Премьер-Министрдің аталған мәселеге орай Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан бес елді мекенде (Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Достық, Өргебас және Фирдауси) 1 030 тұрғын үй зардап шекті. Жүргізілген техникалық зерттеп-қараудың нәтижелері бойынша 437 үй жаңа құрылысқа жатады (соның ішінде 235 үй Үкіметтің төтенше резервінің қаражаты есебінен).

«Су тасқынынан зардап шеккен залалды алдын ала бағалау қорытындысы бойынша Үкіметтік комиссия Достық, Жаңа Тұрмыс және Жеңіс кенттерінің тұрғындарын көшіру және Мырзакент кенті аумағында орналасқан жаңа шағын ауданда оларға арналған үйлер салу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта елді мекеннің шетіне 70 гектар алаңымен жер учаскесі бөлінді. Әзірленген үлгілік жобаларға сәйкес әрбір үйдің жалпы алаңы 100 шаршы метрді құрайды, бөлме саны төртеу болады. Құрылыс алаңдарында 32 құрылыс компаниясы, 900 жұмысшы және 60 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Тұрғын үй құрылысын биылғы 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Жетісай және Мақтаарал аудандарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Өзбекстан Республикасының аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтемақы төлеу үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3490,8 млн теңге сомасында қаражат бөлу бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT