+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Мақтааралда салынып жатқан жаңа үйлердің шатыры жабыла бастады

2020 жылғы 5 маусым 22:00
Бөлісіңіз:
Мақтааралда салынып жатқан жаңа үйлердің шатыры жабыла бастады

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда жаңадан салынып жатқан 200 үйдің құрылысы аяқталуға жақын Елордада жаңа көше мен саябақ ашылады Түркістандағы құрылыс алаңдарында сақтық шаралары қатаң қадағалануы тиіс – Өмірзақ Шөкеев

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үй салынып жатыр. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен салынуда. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынады. Сонымен қатар, жаңа ауданда су астында қалған ауылдардың мүлдем баспанасы жоқ 28 отбасы үшін үй салынады. Олар осы уақытқа дейін монша, бала-бақша мен апатты жағдайдағы жатақхананы паналап келген.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.

Өмірзақ Шөкеев су басқан егістік алқаптардың бүгінгі жайын тексерді. Соңғы мәліметтер бойынша, су жалпы ауданы 5, 8 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына зақым келтірген. Оның 85 пайызы - мақта алқабы. Бүгінде 2,3 мың гектарға, яғни 40 пайыз алқапқа мақта егілді. Калғанына

бақша дақылдары, күріш, жүгері өсіріледі. Мүлдем жарамсыз күйге түскен егістік иелеріне өтемақы төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT