Мақтааралда полицейлер кезекті көкпардың үстінен түсті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда.

Осындай кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы бойынша құрылған мобильді топпен бірге Бірлік ауыл әкімшілігі Пернебаев ауылына қарасты егістік алқапта 60-қа жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырып жатқанын анықтады.

Тәртіп сақшылары көкпарға жиналған қауымды тарқатты.

Сонымен қатар, мобильді топ белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бұдан бөлек, адамдардың көптеп жиналуына жол берген жоғарыда аталған көкпар ойынының ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік құжаттар жинақталды.

Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.

Өз кезегінде Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы шектеулерді сақтауға шақырады.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар