Мақтааралда өзбестандық сарбаз іздестіріліп жатыр

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен өзбекстандық сарбаз Мақтаарал ауданынан іздестірілуде. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көрші елдің сарбазын іздестіруге 20 маусым күні жедел-құтқару жасағының мүшелері аттанып кеткен.

«20 маусымда ТЖ комитетінің басшылығынан Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 1992 ж. т. әскери қызметшісін іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету туралы хат келіп түсті. Осы хатқа орай Мақтарал және Жетісай аудандарындағы су басу аймақтарында және су қоймаларында іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін «Шардара« құтқару бекетінен 5 құтқарушы, 1 техника және 1 қайық шықты. Бұл жұмыстарға Жедел-құтқару жасағының 2 кинологы да тартылды «, делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар