+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мақтааралда өзбекстандық техникамен шит сеуіп жатыр

2020 жылғы 27 мамыр 16:37
Бөлісіңіз:
Мақтааралда өзбекстандық техникамен шит сеуіп жатыр

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстары басталды. Осы мақсатта ауданға Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 243,6 тонна мақта шиті жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО диқандары жыл басынан 5 мыңға жуық техника сатып алды Биыл 22 ірі сүт-тауарлары фермасы өз жұмысын бастайды – АШМ Бірқатар ауылшаруашылық өнімдерін импорттаушылар қара тізімге енгізілді - АШМ

Көрші елден келген техниканың 15-і чизель агрегаты болса, 11- жүйекаралық қопсытқыш және 14-і дән сепкіш тракторлары. Осылайша шекаралы аудан аумағына жеткізілген мамандар мен техникалар қазіргі уақытта суы тартылған елді мекендердегі шаруаларға көмектесіп, мақта дақылын қайта егіп беріп жатыр. Мәселен, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр елді мекеніндегі «Жаманқұл» шаруа қожалығы өзбекстандық техниканың арқасында 7 гектар алқабына мақта шитін қайта сеуіп шықты.

«Өзбекстандық техниканың көмегімен топан су басқан 7 гектар алқабыма мақта дәнін қайта сеуіп алдым. Көрші ағайындар техникадан бөлек, жанар-жағармайын, сұрыпты шитін де тегін беріп отыр. Бұл шығынға ұшыраған біз секілді диқандарға үлкен көмек екені сөзсіз», - дейді «Жаманқұл» шаруа қожалығының мүшесі Жандос Сапархан.

Айта кетейік, жалпы топан судан Мақтаарал ауданындағы 7 мың 500 гектар егістік алқап зардап шеккен болатын. Соның 5035 гектары Жаңажол ауылы округіне тиесілі. Өзбекстандық техникалардың басым көпшілігі де осы ауыл округіне бөлініп отыр. Бұдан бөлек, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс және Жантақсай елді мекеніндеріндегі жалпы аумағы 113,31 гектар егістік алқапты қайта өңдеу жұмыстарына да өзбекстандық техникалар бөлінді. Сонымен қатар, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр елді мекенінде 61,8 гектар егістікке қайтара мақта дәнін себу жұмыстары жүргізілуде.

«Көрші мемлекеттен келген техникаларға деген сұраныс күн санап артып отыр. Өйткені шаруалар су шайған алқаптарына мамыр айының соңғы күндеріне дейін мақта егуге болатынын жақсы біледі. Сондықтан олар күндіз-түні тынбай егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылуда. Бір тәулікте шамамен 100 гектардан астам алқапқа күлте жүргізіліп, 100 гектарға мақта егілуде», - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Жарқынбек Мырзалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT