Мақтааралда мол өнім жинаған шаруа Ресейге қырыққабат экспорттады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында тұратын шаруа ерте көктемде өнімін алды. Қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккен шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім жинаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Диқан мұндай жетістікке тамшылатып суғару технологиясы арқылы қол жеткізіп отыр. Бұл туралы қожалық басшысы Батыр Хайдаров аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте мәлімдеді.

«Весна» шаруа қожалығының тәжірибесін басқаларға үйрету мақсатында өткен семинар-кеңеске аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бойынша мамандары және шаруа қожалықтары қатысты.

Семинарда сөз сөйлеген шаруа 6,6 гектар жерге қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккенін айтады. Оның ішінде «Пекин» сорты ерте пісіп шыққан. Қазіргі таңда 2 гектардан 85 тонна өнім алып, барлығын да Ресейге экспорттаған. Тамшылатып суғару технологиясын пайдаланған қожалық басшысы осылайша зор пайдаға кенелгенін атап өтті.

«Тамшылатып суғару технологиясын ендіру үшін гектарына 1 млн теңгеге жуық шығын жұмсадым. Соның арқасында еккен егінім бітік әрі өнімді болып, ерте пісіп жетілді. Қазір қырыққабаттың келісін 120 теңгеден саудалап жатырмын», - деді шаруа Батыр Хайдаров.
null

Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Қазіргі таңда ерте пісіп жетілетін дақылдан 260 тонна өнім жиналған.

Соңғы жаңалықтар