Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер бас қосқан семинар-кеңес өтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаровтың төрағалығық етуімен азаматтардың өтініштерін қарау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Жиынға әкімдік қызметкерлері мен дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте ең алдымен облыс әкімінің өкімімен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын арттыру бойынша арнайы түзілген іс-шара жоспарының орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің бас инспекторы Нұрсұлтан Жұмабеков баяндама жасады. Сондай-ақ, бас инспектор өтініштерді заң аясында қабылдау, тіркеу және есепке алу мерзімінде қарау бойынша түсіндірме берді. Мұнан соң сөз кезегін алған аудан әкімінің аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы Ерлан Тұрымбетов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша баяндама жасап, семинарға қатысушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтты. «Қазіргі таңда елімізде бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципі, смс-пароль арқылы ЭЦҚ-сыз қызметтерді алу, порталда деректерді бұғаттау, электрондық аурухана парағы, автокөлікті онлайн-тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру, үшінші тұлғалармен және Telegram-бот анықтамалар алу сияқты көптеген цифрлық жаңалықтар іске қосылған. Біз электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатындығы туралы түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Ақырындап адамдар осы қызметке үйрене бастаса, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер мен ХҚКО келушілер саны азаяды. Тұрғындарымыз уақыттарын үнемдейді. Сондықтан, Сіздер де түсіндіру жұмыстарына атсалысуларыңыз керек» - деді Е.Тұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар