+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

2019 жылғы 12 қараша 13:10
Бөлісіңіз:
Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Ұлттық валюта күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға қатысушылар шағын футбол, үстел теннисі және бильярд бойынша жарысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды Шымкенттегі 121 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланды Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек

Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімдері ұйымдастырған жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, ұлттық валютамыз теңгенің ресми айналымға енгені күні қазақ елі үшін айрықша тарихи дата болғанын еске салды.


«Алғашқы теңгемізде Әбу Насыр әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бабаларымыз бейнеленіп, қазағымыздың тарихы жаңғырды. Осылайша тәуелсіз еліміздің өз валютасы пайда болып, тарихтың жаңа парақтары ашылды», - деді Бейсенбай Тасболатұлы.



Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыс өте тартысты өтіп, нәтиже бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен ойыншылар аудан әкімінің арнайы дипломы және кубоктармен марапатталды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT