Мақтааралда мемлекеттік қызмет сапасын көтеруге арналған жиын өтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға арналған жиын өтті. Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда мемлекеттік қызметкерлердің ел ішінде мәртебесін көтеру мен олардың оң имиджін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жол» жалпы орта мектебінде өткен жиынға аудандағы барлық ауылдық округтерден жас мамандар мен округ әкімдерінің орынбасарлары, ауыл жастары қатысты.

Басқосуда жастар арасында мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру жайы қамтылды. Бүгінгі мемлекеттік қызмет жөніндегі жаңа бағдарламалар мен олардың жауапкершіліктері, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен жалақыларын көбейту, салалар бойынша бәсекелестікті арттыру мәселелері сөз болды.

«Елдің ертеңгі күнгі тізгінін ұстайтын азаматтары біз болғандықтан, ел жастары өзіне жүктелген әрбір іске, сенімге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бүгінде мемлекет біздің сапалы білім алуымызға, адал еңбек етіп, жарқын болашағымызды өз қолымызбен жасауымызға барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Сондықтан, біз мүмкіндіктерімізді барынша тиімді, дұрыс пайдалана алуымыз керек»,- деді жиын барысында Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.

Басқосу соңында жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға байланысты сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар