+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Мақтааралда «Күз аруы – 2019» байқауы өтті

2019 жылғы 13 қараша 14:33
Бөлісіңіз:
Мақтааралда «Күз аруы – 2019» байқауы өтті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Күз аруы – 2019» байқауы өтті. «Жастар жылы» аясында қазіргі қазақ қыздарының жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, ұлттық тәрбиеге лайықты сұлу болмысын танытуға бағытталған байқауға аудандағы кенттер мен барлық ауылдық округтерден 11 ару қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайыс ережесі бойынша қатысушылар «Сәлем – сөздің анасы», «Өлең – сөздің патшасы», «Зерделінің ойы озық», «Қазақ қызы – шаңырақтың шырақшысы» және «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты сындардан өтті.

Арулар сөз мәдениетін танытып, ұлттық киімдер үлгісі мен өнерін, білім деңгейін көрсетті. Ұлттық дәстүр мен мәдениетті, әдет-ғұрыпты бойына жинақтаған зерделі де зерек арулар қоғамдағы қазақ қыздарының рөлі туралы ойларын жеткізді.

Байқау соңында қарсыластарынан қара үзіп, озық шыққан жеңімпаздар мен жүлделі орынға ие болған бойжеткендерді аудан әкімі Бақыт Асанов марапаттады.

Ал, өзге қатысушыларға «Көрермен көзайымы», «Парасатты ару» және «Өнерлі ару» сынды номинациялар беріліп, олар ұйымдастырушылар дипломына ие болды. Сондай-ақ, бағалы сыйлықтармен марапатталды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT