Мақтааралда құны 1 млрд теңгені құрайтын логистика орталығы салынып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 200 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан өңірі - халық тығыз орналасқан аймақ. Туу көрсеткіші де жоғары. Мәселен, биылдың өзінде облыс бойынша бірінші сыныпқа 55 мыңнан астам оқушы барады. Яғни, оқушы саны 19 мыңға артқан. Демографиялық өсімге байланысты 2018-2025 жылдар аралығында өңірде 184 мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Биыл білім беру саласына қажетті 83 нысанның құрылысы қолға алынған. Оның 40-ы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Міне, бүгін де Мақтаарал ауданында жаңа мектеп ашылып, ауыл оқушыларына есігін ашты», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сонымен қатар, облыс әкімі Мақтаарал ауданындағы Азаттық ауылында орналасқан логистикалық орталыққа аялдады. Аграрлы ауданда шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобаға 9 гектар жер телімі қарастырылған. Орталықта жаңа үлгідегі жеміс-жидек сақтау және уақытша сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камера мен жүк көліктеріне арналған тұрақжай, техникалық қызмет көрсету стансасын салуға жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген.

Алдағы уақытта автопаркинг, электронды таразы, жүк сақтау қоймалары, тұрақжай, құжаттандыру орталығы, қонақ үй, асхана, сауда үйі, авто жуу орны салынады.
null null 

Соңғы жаңалықтар