Мақтааралда көпбалалы және аз қамтылған 50 отбасы баспаналы болды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданында көпбалалы және аз қамтылған 50 отбасы жаңа баспанаға ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік тұрғын үйлер баспана кезегіндегі тұрғындарға үйлестіріледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, ауданның бүгінгі тыныс - тіршілігімен танысты.

Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған мелтекауданда болған облыс басшысы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында құрылысы жоспарланған көпқабатты тұрғын үй жобаларымен танысып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшада болған аймақ басшысы, мердігерлермен кездесті. Білім ұяларын жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беруді міндеттеді. Қайта жөндеуден өткен «Даңқ» аллеясын аралап, жаңадан қолға алынған жобаларға қатысты аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.


Сонымен қатар, қайта құру жұмыстары жүргізілген Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында болып, аудандағы бұқаралық спортты дамыту жағдайын пысықтады. Мырзакентте жаңадан бой көтерген Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда болды. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету мекемесі пайдалануға беруге дайын. Медициналық мекеме заманауи қондырғылармен толық жабдықталады. Дәл осындай Ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Фельдшерлік-акушерлік бекет жақын күндері Өргебас пен Фирдауси ауылдарында да ашылады. Мырзакент кентінде салынған жаңа қалашықта болып, онда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы барысын бақылады.


Соңғы жаңалықтар