Мақтааралда Қазақстан туын судан алып шыққан полицей әрекеті көпшілікті сүйсінтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат –Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан Қазақстан туын алып шыққан полицей әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жағдай кеше аумағын толықтай су басқан Фердоуси ауылында болған. Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров судан көк туды алып шықты.


Жаңа мектептің алдында Қазақстан туының су ішінде жатқанын көрген Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров суға түсіп, туды алып шықты.

Осы көріністі жергілікті халық ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты.

Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Кейін тағы да 10 ауылды су алғаны белгілі болды.





Соңғы жаңалықтар