Мақтааралда «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бір отбасы баспаналы болды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бір отбасы баспаналы болды.

Атакент кентінің тұрғыны әрі екі баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі анасының қараушысы Бағнұр Алтынбекова осылайша қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үйдің кілті Мақтаарал аудандық «Қазақстан ардагерлері» қоғамдық ұйымының «Мақтаарал баспана» қоғамдық қоры демеушілігімен тапсырылды. Осы күнге дейін баспана тауқыметін тартып келген отбасы жаны жомарт жандарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың тапсырмасымен және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасына тұрғындар дән риза. Мәселен, Мақтаарал ауданы бойынша 115 отбасы тізімге алынған және оларға көмек көрсетіліп жатыр. Бағдарлама аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету іс-шаралары әлі де жалғасын табатын болады.


Соңғы жаңалықтар