Мақтааралда із-түзсіз кеткен 18 жастағы бойжеткен Сарыағаштан табылды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жоғалып кеткен 18 жастағы қыз 116 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 18 жастағы қызының 11:40 шамасында көршісінің үйіне шығып кетіп, содан қайта оралмағанын айтып арызданған. Қыздың жақындары көршілерінен сұрастырып, туыстарына хабарласып өз күшімен іздеген.

Алайда нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлеріне хабар берген.

Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері із-түссіз кеткен қызды табу үшін облыс көлемінде барлық қала, аудандардың полиция басқармаларына бағыттама береді.

Сонымен қатар мақтааралдық жедел уәкілдер істі тез арада ашу үшін облысқа қарасты аудандарға шығып, қызды іздестіре бастайды.

Полицейлердің табанды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 18 жасар қыз 116 шақырым жердегі Сарыағаш қаласындағы асханалардың бірінен табылды.

Белгілі болғандай, кәмелет жасындағы қыз үйінен өз еркімен шығып кетіп, ақша табамын деген ниетімен ешкімге айтпастан жұмысқа кіріп алған.

Жас қызбен психолог мамандары сөйлесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Осы ретте қыздың ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар