+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мақтааралда гуманитарлық жүк қоймасына видеокамералар орнатылды

2020 жылғы 12 мамыр 01:18
Бөлісіңіз:
Мақтааралда гуманитарлық жүк қоймасына видеокамералар орнатылды

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданында гуманитарлық жүк сақталған азық-түлік қоймасына бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда инфрақұрылым жүйелері қалпына келтірілді

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, қоймада орнатылған 4 бейнекамера жүк қабылданатын 2 есік пен ішкі шығаберіс жағына орнатылған. Яғни, қоймаға келген және кеткен әрбір жүк көліктері таспаланатын болады. Бейнекамералар орталықтандырылған компьютерге жалғанып, басқарылады.

«Камера орнатудағы мақсатымыз – ел аманатына қиянат жасау жайттарын болдырмау. Сонымен қатар, азық-түліктің ысырапсыз үлестірілуіне жол бермеу. Оның үстіне, қоймада сақталған заттардың кімге, қашан берілгенін нақтылап отыру үшін жасалып отыр. Алдағы уақытта мұнда жиналған азық-түліктер топан судан зардап шеккен тұрғындарға есепсіз, ысырапсыз жетуіне баса назар аударылатын болады», - дейді Бейсен Тәжібаев.

Айта кетейік, тасқыннан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр. Күні кеше қоймаға Павлодар облысынан 20 тонна азық түлік пен 15 тонна киім-кешек және гигиеналық заттар жеткізілді.

Мұнда соңғы бір аптада 408 тоннадан астам көмек жиналған. Онда ұн, ет, көкөніс, консервілік заттар, сұйық май, арнайы дайындалған азық-түлік себеттері мен киім-кешектер, гигиеналық заттар бар. Соның бүгінде 100 тоннаға жуығы Мақтаарал ауданындағы 11 эвакуациялық орталықтағы тұрғындарға үлестіріліп берілген. Сондай-ақ, туған-туыстарының үйін уақытша паналап жүрген азаматтарға азық-түліктер жүйеленген тәртіппен таратылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT