+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Мақтааралда эвакуациялық бекеттер азайып келеді

2020 жылғы 8 тамыз 19:11
Бөлісіңіз:
Мақтааралда эвакуациялық бекеттер азайып келеді

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданында эвакуациялық бекеттер азайып келеді. Кезінде үйлерін су басқан елді мекендердің тұрғындары баспаналарын қайта тұрғызу жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді

Сондай-ақ, көрші елді мекендерден пәтер жалға алып, туысқандарының үйін паналап жатқан отбасылар да бар. Осының әсерінен бүгінде ауданда 24 эвакуациялық бекеттің 5-еуі ғана қалып отыр. Мұнда жалпы саны 341 азамат орналасқан. Олар негізінен Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарының тұрғындары болып табылады. Эвакуациялық бекеттерді паналаушылар төсек орындармен және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға еліміздің түрлі облыстарынан келген және жергілікті жердің кәсіпкерлері тарапынан көмектер беріліп жатыр. Түрлі мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, психологтар қолдау көрсетті. Ең бастысы, бекеттерде карантин режимі толықтай сақталған.


Айта кетейік, төтенше жағдай орын алғаннан кейін Атакент кенті, Мақтаарал және Жамбыл ауылдық округтерінде жалпы саны 10 мың адамды қабылдай алатын 24 эвакуациялық бекеттер ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ, қосымша Жетісай қаласынан 3 эвакуациялық бекет ашылып, тұрғындар жаппай орналастырылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT