+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мақтааралда екі ауылды су басты: Ауданда төтенше жағдай жарияланған

2020 жылғы 2 мамыр 08:28
Бөлісіңіз:
Мақтааралда екі ауылды су басты: Ауданда төтенше жағдай жарияланған

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданының екі ауылын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 2 мамыр таңғы сағат 04:30-да Мақтаарал ауданының шекарасындағы Орталық далалық коллекторынан (өткізу қуаты - секундына 120 текше метр) су төгіліп, Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кеткен.

«Сондай-ақ облыстық мәндегі «Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс» тасжолын су басқан. Көлік жүруі мүмкін емес» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығы Мырзакентте орналасқан Мырзакент мектеп-гимназиясына (600 орын), С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебіне (700 орын), Пушкин (400 орын), Абылайхан орта мектептеріне (500 орын) эвакуацияланып, оған 6 автобус жұмылдырылған болатын.

Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 2 мамыр түнгі 00:00-де арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялау жөнінде тапсырма берілді.

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желілер мен егістіктерге зақым келген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT