Мақтааралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Аталған шара топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту мақсатында өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент пен 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Жылжымалы жәрмеңке барысында 32 мердігер мекемеге қажетті әр түрлі қызметкер керектігі айтылды. Сала мамандарының сөзінше, жұмысшыларға жалақы келісім түрінде төленетін болады. Мәселен, қабырға өрудің бір шаршы метрі 7 мың теңге болса, шатыр жабу 1.5- 2 мың теңге арасында. Сондай-ақ, сеймобелдеу құюдың шаршы метрі 1,5 мың теңге шамасында бағаланған. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергенов жәрмеңкенің алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар