Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 млрд теңгеге жетті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті.

Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 34,9 мың гектары - мақта дақылы.

Сонымен қатар, 622 гектар көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат және қызылша дақылдарынан 20 048 тонна өнім өндірілген және оның 80 пайызы шетелге экспортталған.

Мақтааралдық диқандарға биыл жылыжай көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 6,55 гектар жерге жылыжай құрылған.

Сондай-ақ, 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалған.

Аудан басшысы жайылым жердің жоқтығына қарамастан мал басының саны артып жатқанын да атап өтті.

Яғни, малды жайылымда баққаннан көрі үйде ұстап бордақылайтын шаруалардың саны арта түскен.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістіктің құнарын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бағдарламасына енген.

Осы арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.

Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

Нәтижесінде егістік алқабтарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген.

Соңғы жаңалықтар