«Мақтаарал» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Константин Горовенко Түркістан облысының «Мақтаарал» командасына бас бапкер қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлім етті.

К. Горовенко 1977 жылы дүниеге келген. Футболдағы мансабында 1995-2004 жылдары «Қайрат», «Қайнар», «Астана», «Алматы», «Мегаспорт», «Сұңқар» командаларында ойнады.

Ұлттық құрама сапында 2000-2001 жылдарда 6 ойында үш гол соқты.

2020-2022 жылдарда Қарағандының «Шахтер», Талдықорғанның «Жетісу», клубтарында бас бапкер болды. Ал биыл «Атырау» командасының бас бапкері қызметінен кетті.

Ал «Мақтааралдың» бас бапкері болған Андрей Ферапонтов 7 қыркүйекте командамен қош айтысты,

Айта кетсек, түркістандық клуб турнир кестесінде соңғы орында келеді.



Фото: kazfootball.kz





Соңғы жаңалықтар