Мақтаарал ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мырзакент кентіндегі 1976 жылы пайдалануға берілген Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Спорт алаңына 2066 көрермен сыяды. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылатын болады.

«Құрылыс сапасын тексерген аудан әкімі Бақыт Асанов кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасап, нысанның құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар