+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды

2020 жылғы 17 қыркүйек 11:08
Бөлісіңіз:
Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Жалпы аумағы 38,2 мың гектар жерде терім жұмыстарына 15 бригада мен 403 терімші қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО: Өсімдік шаруашылығын дамыту - басты назарда Құс еті мен жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу қажет – Құмар Ақсақалов АШМ басшылығы құс тұмауымен байланысты жағдайды нақтылау үшін СҚО-ға барды

Қазіргі таңда негізінен қол терім жұмыстары жүргізіліп, 125 гектар мақта алқабынан 269,5 тонна «ақ алтын» қамбаға жиналды. Терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген.

Қосымша ауданға АҚШ-тан 23 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынып, терім жұмыстарын жеңілдетіп отыр. Бүгінде дайын өнімді машиналық әдіспен теру 66%-ға жеткізілмек.

Сала мамандарының сөзінше, биылғы мақта терім науқанына 514 доңғалақты трактор мен 1206 тіркеме және 151 комбайн қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 60-тан астам бекет шаруаларға қызмет көрсеткен. Биыл да бұл өндіріс орындары жиын-терім науқанына дайындалуда.

Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар жағармай шаруаларға таратылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT