+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Мақтаарал ауданында 115 отбасыға көмек көрсетілмек

2020 жылғы 24 ақпан 05:00
Бөлісіңіз:
Мақтаарал ауданында 115 отбасыға көмек көрсетілмек

МАҚТААРАЛ.ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 115 отбасыға көмек көрсетілмек. Аудан әкімі Бақыт Асанов осы бағдарламға енген Мырзакент кентіндегі мұқтаж отбасылардың үйлерін арнайы аралап, жағдайларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығы Мырзакент кентінде қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік жағдайлары өте төмен 12 отбасы аталған бағдарламаға енген. Бұл отбасылардың басым бөлігі тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге мұқтаж. Тіпті, күнделікті тұтынатын азық-түліктерін алуға жағдайлары жетпейтіндері де бар.

Сонымен қатар, киім-кешекке, тұрмыстық қатты отынға да қажеттіліктері туындап отыр. Аудан басшысы әрбір отбасының жағдайымен жеке танысып, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлік бағдарламасы аясында өз кәсіптерін ашуға көмек берілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаждығы бар отбасыларды жер мен үй кезегіне тұрғызу үшін кент әкімі аппаратының қызметкерлеріне арнайы тапсырма берді.

Айта кетейік, «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджет есебінен, демеушілер және қайырымдылық қорлар арқылы мұқтаж отбасылардың әрбір мүшесіне көмек беру қарастырылған. Атап айтқанда оларға медициналық, жұмысқа орналасу, азық-түлік пен тұрмыстық заттар әперу, білім алу және өзге де мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп, еңсе тіктеулеріне жағдай жасалуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT