Мақта алқабында жүрген 24 адам уланып ауруханаға түсті

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Саатл ауданында мақта алқабында жұмыс жасап жүріп, химиялық затпен уланған 20 адам ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend.az сайтына сілтеме жасап.

«Кеше науқастар тағы да бір рет тексерістен өтті, жағдайлары қалыпты болғандықтан, үйлеріне жібердік. Жапа шеккен төрт адам Бакудың клиникасына ауыстырылды, олардың жағдайын жақсы деп бағалап отырмыз», - деді Саатл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Адем Алиев.

10 маусым күні сағат 19:30-да Саатл аудандық орталық ауруханасында «химиялық улану» диагнозымен мақта алқабында жұмыс жасайтын 24 адам түскен.

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев бұл істі жеке бақылауына алды.

Аталмыш факті бойынша Бас прокуратораның Ауыр қылмыстық істер жөніндегі тергеу басқармасында Әзербайжан Республикасының ҚК-нің 249.2 (өсімдіктер зиянкестеріне, өсімдік ауруларын қоздырғыштарға қарсы әрекетке қатысты қойылған ережелерді бұзу) және 314.2 (лауазымды тұлғаның өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамау) баптарына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар