Максим Споткай: Ұлттық кеңестің құрылуы - қоғамның демократиялануына серпін береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылатын Президенттік кадрлық резерв «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасымен салмақты синергиялық әсер беруі мүмкін. «НҰР-Медиа» xолдингі бас директорының орынбасары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстанның дамуының жаңа тарихи кезеңіне қадам бастық. 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында қазақстандықтардың басым бөлігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс берді. Сайлау арқылы жастар, ҚХА жастары қазіргі таңда бүкіл әлем құрметтейтін тәуелсіз еліміздің құрылуындағы Тұңғыш Президентіміздің аса көрнекті рөлін атап өтуде. Бұл сайлаудың нәтижесін Елбасына көрсетілген зор құрмет пен оң саясатына деген сенім деп қабылдауға толық негіз бар», - деді Максим Споткай ҚР Президенті ұлықтау рәсімінде айтылған бастамаларды талқылауға арналған ҚХА кеңесінің отырысында.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы өз сөзінде жастар үшін Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзінің 10-шы бағыты маңызды екенін атап өтті.

«Президент бизнес пен стартаптарды қолдауға, жастарды жұмысқа орналастыруға назар аударып отырғанын айтты. Менің ойымша, біздің қозғалыстың жобалық бағдарына қарай нақты бағыттар бойынша жаңа жобаларды бастайтын боламыз. Президенттік кадрлық резерв жастар үшін мақсат емес, өз халқына адал қызмет ету мүмкіндігі ретінде қарастырылуы керек деген ойдамын. Президенттік кадрлық резерв «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасымен салмақты синергиялық әсерін көрсететініне сенімдімін», - деді ол.

Максим Споткай сонымен қатар, «Жаңғыру жолы» қозғалысының мақсаты - этникалық ерекшелігіне қарамастан жастарға әлеуетін паш етуге мүмкіндік беру екенін атап өтті.

«Мәселен, өңірлерге қарайтын болса, біздің көптеген жергілікті бөлімшелерімізді әртүрлі этностың жастары басқарып отыр. Сондай-ақ, біз қазақ тілін үйрету клубтарымен жұмыс істеп жатырмыз. Өңірлерде ондай қажеттілік бар. Солтүстік, ШҚО ондай жобалар іске асырылып жатыр», - деді Максим Споткай.

Ол сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы - ішкі саяси ахуалдың жақсаруына, қоғамның демократиялануына және сабақтастықты, әділдікті, өрлеуді ұстануға серпін беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар