Максим Споткай: Президент бастамалардың жаңа блогын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Максим Споткай Кеңестің алтыншы отырысында көтерілген негізгі мәселелер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңес аясында көптеген бастамалар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы да айтты. Ұлттық кеңес алаңы еліміздің қоғамдық-саяси кеңістігінде аса маңызды орын алады. Бұл – Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты элементтерінің бірі. Бұл – билік пен қоғам арасындағы жалпыұлттық диалог қалыптастырудың тиімді тетіктерінің бірі. Мемлекет басшысы бұл алаңға үлкен көңіл бөледі. Өйткені кеңестің отырысына өзі тікелей төрағалық етіп келеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен тікелей байланыса отырып, олардың пікірлерін тыңдап, мемлекеттік органдардың пысықтауына жібереді. Бүгін Президент Қазақстанда іске асырылып жатқан барлық реформалар нақты нәтижеге қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті», - деді Ұлттық кеңес мүшесі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес арқылы бастамалардың жаңа блогын жариялады.

«Олардың көбі аймақтарды дамытумен, азаматтарды әлеуметтік қолдаумен байланысты. Атап айтқанда, ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа тетіктері ұсынылды. Ауыл әкімдігіне кандидаттарға қойылатын жоғары білім туралы талапты қайта қарау ұсынылды. Білім беретін мекемелерде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралардың блогы сөз болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім гранттарын бөлудің жаңа жүйесі туралы мәселені қарау ұсынылды. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттыруға тиіс. Цифрландырумен байланысты мәселелерде айтылды. Мемлекет басшысы бұл негізгі басымдықтардың бірі екенін атады. Жүйелі цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын және мемлекеттік қызметтерді ұсыну жеделдігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Максим Споткай.


Соңғы жаңалықтар