Максим Головкин GGG-дің жағдайы туралы айтты

None
None
ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бауыры Максим отандық спортшының жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Геннадийге жанкүйерлік етіп, ол үшін уайымдап, маған және оған жазып жатқан жандардың барлығына алғыс айтамын. Оның жанында болғандардың барлығына рахмет!!! Геннадий аренаға қалай басын жоғары көтеріп кірсе, солай шықты.

Қаскүнемдердің командасы, төрешілер немесе мексикалық мерекелер Геннадий мен оның өз-өзіне деген сенімін әлсірете алмайды. Біз үшін Геннадий - чемпион. Ол басын жоғары көтеріп шықты және өзін жеңілдім деп есептемейді!», - деп жазды Максим Головкин Instagram парақшасында.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы төрешілердің шешімімен мексикалықтың пайдасына (114-114, 115-113, 115-113) аяқталды.

Соңғы жаңалықтар