Мақсат Үсенов сотқа келмеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мақсат Үсенов сот үкімі шығатын кезде отырысқа келмеді, деп хабарлады Қазақпарат тілшісі сот залынан.

Бүгін ауданаралық əкімшілік соттта Мақсат Үсеновке қатысты ҚР ƏК-нің 564-бабы 5-бөліміне қатысты ұшу кезінде қауіпсіздікті бұзғаны үшін отырыс өтуі керек болатын.

Сот приставтары Үсеновтың үйінен ешкімді таппаған.

Енді оны мəжбүрлеп сотқа алдыру туралы арыз жіберілді. Осыған байланысты судья үкім шығаруды кейінге қалдырды.

Айта кету керек, Мақсат Үсенов 5 маусымда Алматы-Бангкок рейсінде бұзақылық жасап , бортсерікке дөрекілік көрсеткен еді. Оның бұл əрекетіне қатысты  қалалық əкімшілік сот 10 тəулікке қамауға алып, 3 АЕК  көлемінде айыппұл салды. Осы оқиғадан соң Үсенов «Эйр Астана» компаниясының деструктивті жолаушыларының сұр тізіміне ілінді.

Еске сала кетсек, Мақсат Үсенов 2013 жылы желтоқсанда Алматыда 6 адамды көлігімен қағып өткен болатын. Салдарынан бір адам қаза болды. Тараптардың ымыраға келуіне байланысты Үсенов қамаудан босатылып, оған Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жарты миллион теңге сомасына айыппұл ғана салынды. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын. Бұл жолы да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

Соңғы жаңалықтар