Мақсат Үсенов бостандыққа шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарының басты қаупі Мақсат Үсенов 20 тәуліктік қамаудан бостандыққа шықты.

Ол соңғы рет Лобачевский көшесінде жол апатын тудырған болатын. Салдарынан «Тойота Рав-4» көлігінің жүргізушісі, 38 жасар келіншек ауруханаға жатқызылды. Әкімшілік сот оны медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 20 тәулікке қамауға алуға шешім шығарған болатын.

Бұрын да Мақсат Үсенов Алматыда жол шетінде тұрған 6 кісіні қағып, біреуін мерт қылған болатын. Қалалық сот оны жол апатына кінәлі деп, 45 тәулікке қамаған еді.

Мұнан соң, прокуратура сот шешіміне қарсы аппеляциялық шағым жолдап, қалалық сот Үсеновті 45 тәулікке тұтқындап, 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Осы жағдайдан соң да алматылықтар Үсеновтің ақ «Мерседесті» тізгіндеп жүргенін көрген еді.

Ал ғаламторда 20 мыңнан астам тұрғынның наразылығынан кейін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде департамент басқарған әкесі Қажымұрат Үсенов қызметінен кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар