Мақсат Үсенов 10 тəуліктік қамаудан кейін бостандыққа шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мақсат Үсенов 10 тəуліктік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16  маусымда "Х6 мырза" Алматы əкімшілік сотында əкімшілік жазаға тартылған болатын.

Оның алдында Үсенов "Эйр Астана" бортсерігін балағаттап, дөрекілік көрсеткен еді.

"Х6 мырза" тура бүгін өзінің туған күнінде арнайы қамау орнынан босап шықты.

Бүгін Үсенов 28 жасқа толды.

Ол журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Айта кету керек, Мақсат Үсенов 5 маусымда Алматы Бангкок рейсінде бұзақылық жасап, бортсерікке дөрекілік көрсеткен еді. Оның бұл əрекетіне қатысты  қалалық əкімшілік сот 10 тəулікке қамауға алып, 3 АЕК  көлемінде айыппұл салды.

Осы оқиғадан соң Үсенов "Эйр Астана" компаниясының деструктивті жолаушыларының сұр тізіміне ілінді.

Соңғы жаңалықтар