Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - AMANAT партиясының XXIII съезінде партияның саяси кеңес құрамына үш жаңа адам енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия съезінің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, AMANAT-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу мәселесі қаралды.

«Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша, саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Съез делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының XXIII съезі өтті.


Соңғы жаңалықтар